Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Мектеп оқушыларына сабақ кезінде смартфон пайдалануға шектеу қойылды

«Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялады» деп хабарлайды Atr.kz

Мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануына шектеу енгізіледі.

«Бұл шектеулер денсаулықты бақылау үшін смартфонды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қатысты емес. Мәселен, қант диабеті бар оқушыларға қандағы қантты бақылау үшін смартфон қажет болуы мүмкін» делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, бүгін ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың бекітілген тізімі жарияланды. Бұл тізімге қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді.

«Білім беру ұйымдарында тыйым салынған заттардың тізімін әзірлеуге біз өткен жылы кірістік. Осы жылдың қаңтар айынан бастап «Білім туралы» заң шеңберінде осы тізімді әзірлеу және бекіту біздің құзыретімізде. Тыйым салынған заттардың тізімі Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, ҰҚК, Бас прокуратурамен және Жоғарғы Сотпен бірлесіп жасалды», – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Жаңа норманы енгізу оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді.

Баян Жанұзақова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button