Атыраулық полицейлер есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады

2021 06 09 210205013856810e Жаңалықтар

Атырау қаласындағы көшелердің бірінде есірткі тасымалдаған 30 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды. Есірткі тасымалдаған күдікті к8 мамыр күні сағат 16:40 шамасында ұсталған.

«Аталған күдіктіден политилен пакетке оралған 4 дана орам синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ және тапанша тәркіленді.Тұрақты мекен-жайы бойынша тінту кезінде политилен пакетке салынған ұнтақ пен ас үйінен кептірілген есірткі тектес өсімдік тәркіленді. Тәркіленген айғақ заттарға сараптама тағайындалды», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз