Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Мектеп бағдарламасына «Абайтану» пәні енгізілсе…

Atr.kz/9 қаңтар, 2020 жыл. Ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Atr.kz» сайты арқылы өз ұсынысымды білдіруді жөн көрдім. Атап айтқанда, мектеп бағдарламасына «Абайтану», болмаса, «Абай әлемі» деген жаңа пән енгізілсе деген тілегім бар.

Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған соң, Абайдың шығармашылығын бес саусағымдай білемін. Бірақ, бұл орайда зерттелмеген, зерделенбеген, сын сүзгісінен өте қоймаған дүниелер көп. Яғни, Абай әлемі әлі де үлкен ізденісті талап етеді.

Осы орайда, болашақ абайтанушыларды мектеп қабырғасынан дайындаған артық етпейді деп ойлаймын. Өйткені, дара данышпанның мәңгілік мұрасы – келешек ұрпаққа аманат.  

Абайтану ілімі әзірге тек жоғары оқу орнының бағдарламасымен ғана шектелуде. Осы орайда, «бұл тек болашақ ғалымдар мен ұстаздарға ғана керек пе?» деген ой туады. Ал, шын мәнінде, Абай мұрасы барша қазақстандықтарға ортақ.

Өзімізді былай қойғанда, оның өлеңдері, қара сөздері мен әсем әндері әлемнің түкпір-түкпірінде орындалып жүр емес пе? Демек, бізден басқа елдер де зор қызығушылық білдруде. Тіпті, әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз да, «Ютуб» желісінде Абайдың әндерін шырқап, өлеңдерін оқитын өзге ұлт өкілдері өріп жүр.

Азамат ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ,

Бержан Қанатбаев атындағы орта мектеп директоры

Мақат ауданы

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/abajdy%d2%a3-dini-tanymy-b%d3%a9lek-taldaudy-%d2%9bazhet-etedi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button