Механикалық тазарту қондырғылары жаңғыртылды

71cbccf1 973a 45a8 8751 708b595099b0 870x400 1 Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытында «Tazalyq» жобасы аясындағы жабық типтегі ағынды суларды механикалық тазарту қондырғыларын жаңғыртудың I кезеңі аяқталды. Жуырда АМӨЗ-дің қоғамдық экологиялық кеңесінің мүшелері құрылыс жұмыстарының барысымен  танысты.

Жаңғыртудың I кезеңінде иістердің көзі саналатын ашық бассейндер, яғни жалпы ауданы 4752 шаршы метр құрайтын қосымша тұнба тоғандары мен ескі мұнайбөлгішті демонтаждау жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, механикалық сусыздандыру ғимараты, мұнай шламдарына арналған резервуарлар, екі сорғы станциясы, құм ұстағышы бар тұндырғыш, трансформаторлық қосалқы станция және көбікпен сөндіру блогы салынған.

Жабық типтегі механикалық тазарту қондырғыларының құрылысы аясында ағынды суларды сапалы тазартуды қамтамасыз ететін және зиянды заттардың атмосфераға таралуын толығымен жоюға мүмкіндік беретін  заманауи технологиялық процестер мен шығарындыларды бақылау жүйесі енгізілген.

Жаңғыртылған механикалық тазалау қондырғылары іске қосылған соң ағынды сулардың шығыны мен биологиялық тазарту қондырғысындағы ластаушы заттардың мөлшері мен мұнай шламдарын өңдеу процесі тұрақталған. Осылайша, өңдеуге кері қайтарылатын тауарлық мұнай өнімдерінің көлемі ұлғайтылған.

Бүгінгі таңда механикалық тазарту қондырғыларын жаңғыртудың ІІ кезеңі шеңберінде ағынды суларды орташалау және флотация блоктарын салу жұмыстары жалғасуда. Аталған нысандарды іске қосу жыл соңына жоспарланып отыр.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз