Атырауда үйірлі шегірткеге қарсы 8640 гектар жер химиялық өңделеді (+ФОТО)

WhatsApp Image 2019 06 19 at 10.12.38 1 Жаңалықтар

Atr.kz/20 маусым, 2019 жыл. 12 маусым күні облыс əкімінің орынбасары, облыстық штаб төрағасы Əлібек Нəутиевтің төрағалығымен, Атырау облыстық аумақтық инспекциясы ұйымдастырған, Құрманғазы ауданына қарасты Мақаш ауылдық округінде далалық штаб отырысы өткен еді.

Штаб отырысындағы қаралған басты мəселе, шегіртке тектес зиянкестерге қарсы тұру. Яғни, үйірлі шегірткенің белең алып кетпеуін қадағалау. Осы орайда үйірлі шегірткемен күресу үшін химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

– Биыл судың аз келуіне байланысты, шегіртке тектес зиянкестердің шығатын аумағы ұлғаю қаупі бар. Сол себепті бүгінгі штаб отырысында, осы мəселенің алдын алу мақсатында барлығымыз жиналып отырмыз. Өңіріміздегі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына зиян келмеу үшін,бірлесіп жұмыс атқаруымыз керек, – дейді Атырау облысы əкімінің орынбасары Əлібек Нəутиев.

Атырау облысында үйірлі шегірткенің азиаттық шегіртке жəне итальяндық прус деп аталатын екі түрі кездеседі. Азиат шегірткесі көлтабандар мен қамысты алқаптарда мекен ететін болса, итальян прусы мал жайылатын жайылымдарда мекендейді.

WhatsApp Image 2019 06 19 at 10.12.38

– Жылда біздің инспекция өз жұмысын атқарып келеді. Биыл республикалық бюджеттен облыс бойынша, үйірлі шегірткелерге қарсы 8640 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек. Жер үсті тəсілімен жүргізілсе, қолайсыз көлік бара алмайтын жерлерге жеңіл дельталет арқылы əуе тəсілімен өңделеді. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен саяқ шегірткеге қарсы 3540 гектарға химиялық өңдеу жұмысы жүргізілетін болады, – дейді ҚР АШМ АӨК МИК-нің Атырау облыстық аумақтық инспекция басшысы Абат Жанғалиев.

Штаб отырысына «Россельхозцентр» ФМБМ Астрахань облысы филиалының басшысы Виктор Шляхов қатысып, бірлесіп жұмыс жасаудың маңыздылығына тоқталды.

WhatsApp Image 2019 06 19 at 10.12.37

– Астрахань облысы мен Атырау облысы шекаралас орналасқаннан кейін,бірлесіп жұмыс атқаруымыз маңызды. Себебі, үйірлі шегіртке бір орыннан екінші орынға ұшып-қонып жүреді. 2017 жылы Дагестан аймағы жағынан маракандық үйірлі шегіртке ұшып келіп, соған қарсы тұрған болатынбыз. Ол шегірткемен күресу қиын. Сол себепті, биылғы жылы да сол үйірлі шегірткенің күш алып кетуін тоқтату мақсатында, Астрахань облысында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр, – дейді Виктор Шляхов.

Жиын соңында облыстық аумақтық инспекциясы үйірлі шегірткеге қарсы тұру үшін облыс көлеміне бүріккіш техникалар қажет екенін ұсыныс ретінде айтып, хаттамаға енгізді.

WhatsApp Image 2019 06 19 at 10.12.39
WhatsApp Image 2019 06 19 at 10.12.39 1

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз