IMG 5870

Медициналық колледжде – журналистер (+ФОТО)

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/4 шілде, 2019 жыл. Оқу процесінде заманауи технологияларды қолдану – болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби және жеке құзыреттілігін арттырудың негізгі компоненті. Осы орайда Атырау жоғары медициналық колледжінде бірқатар жаңашылдықтар орын алған. Бұл туралы аталған білім ордасында журналистер үшін  ұйымдастырылған баспасөз турында  айтылды.  

Журналистер тарихы терең білім ордасын аралап, бүгінгі тыныс-тірішілігімен танысты. Колледж жетпіс жыл ішінде 14 мыңнан аса медициналық маманды даярлаған. Биыл  оқу орнын 376 студент бітірді. 36-сы үздік дипломға ие болуда. «Жалпы колледжде «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі», «Акушер», «Гигиена және эпидемиология», «Лабораториялық диагностика», «Стоматология», «Ортопедиялық стоматология» және «Фармация» мамандықтары бойынша барлығы 1145 студент білім алуда.

Ал, түлектердің жұмысқа орналасуы да жүйелі жолға қойылды. Бұл ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарымен келісім де жасалған» дейді колледж директоры Лаура Кубаева.

IMG 5875
IMG 5872
IMG 58611

Оқу орнындағы басты жаңашылдық – өңірлік симуляциялық жаттықтыру орталығы жұмыс жасайды. Орталық заманауи оқыту технологиялар саласындағы робот-симуляторларымен толық жабдықталды. Медицина қызметкерлерінің және осында білім алушы болашақ мамандардың жоғары технологиялық компьютерленген робот-симулятор, муляж және тренажерларлармен кәсіби шеберліктерін арттыруына мүмкіндік мол.

Бұдан басқа,  жүрек-өкпе реанимациясы, симуляциялық дағдылар кабинеті жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша былтырдан бастап студенттер «Пирогов» интерактивті анатомиялық үстелі бойынша сабақ алады.

 Осынау жаңашылдықтармен танысқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қабылдап, адам денсаулығы қашан да маңызды фактор екеніне тоқталды. Бұл ретте саладағы атқарылған  жұмыстарды, жаңалықтарды қалың бұқараға жеткізуде тілшілер қауымының да атқарар рөлінің зор екенін баса айтып, бірқатар журналисті Алғыс хатпен марапаттады. 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

IMG 5838
IMG 5853 e1562238543334
IMG 58731 e1562238596128

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған