Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Медициналық маска тағу міндеттелді

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, өңірдегі карантин режимі 17 тамызға дейін ұзартылды.

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте облыстық Бас санитарлық дәрігердің орынбасары Жанар Досымбаева мәлімдеді. 

— Тұрғындарға қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті болып табылады. Қаулының бұл бөлігі міндетті түрде орындалуға жатады. Қандай да бір талап сақталмаған жағдайда азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, — деп түсіндірді Жанар Досымбаева.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button