Мәжіліс депутаттары атыраулық тұрғындарды мазалаған маңызды мәселелерді талқылады
Atr.kz/27 шілде, 2020 жыл. Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамыраев қоғамдық бақылау аясында Атырау облысының бірқатар медициналық мекемелерінде барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бейбіт Мамыраев тұрғындармен әңгімелесіп, дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету, дәріханалардағы баға, сондай-ақ әлеуметтік салауаттылық пен білім және экология мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесуде халық дәріханалардағы дәрі-дәрмекке қатысты жағдайдың жақсарғанын айтып, бірқатар мәселені көтеріп, өз тілектерін білдірді. Ең алдымен, атыраулықтар дәріханада кезекке тұрмас үшін дәрі-дәрмектердің бар-жоқтығын білуге болатын бірыңғай байланыс орталығының жоқтығына алаңдаушылық танытты.
Тұрғындар дәрі-дәрмек бағасын және фармацевтер қажет болған жағдайда кеңестер беріп, жетіспейтін дәрі-дәрмектің баламасын таңдауға көмектесетінін айта отырып, дәріханалардың қызметі туралы ақпараттық жұмысты күшейту қажеттігіне тоқталды.
Тағы бір маңызды мәселе — аймақтардағы медициналық мекемелердің халыққа қажетті көмек көрсетуге дайындығы. Бұл аймақтық дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге де, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің санына да қатысты. Мәселен, 20 мыңға жуық адам қала маңындағы Жұмыскердегі емханаға тіркелсе, онда 6 дәрігер, бір фельдшер және 12 медбике бар.
Сонымен қатар, оларға жеке қорғаныс құралдарының үш жиынтығы ғана берілгені анықталды. Мәжіліс депутаты Б.Мамыраев медициналық мекемелерге жасаған сапары барысында аймақтағы денсаулық сақтауды дамыту үшін өзекті мәселелерге тоқталды. Ал, жас дәрігерлер өз кезегінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақыны көтеру және кәсіби өсу қажеттілігі туралы айтты.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл бірінші кезекте жаңа оқу жылына дайындық туралы болды. Ал қала тұрғындары өз кезегінде үш ауысымды мектептер мәселесін, спорт ғимараттарының қолжетімділігін арттырудың өзектілігін атап өтті. Атырау тұрғындарымен болған әңгімелер олардың қаладағы экологиялық жағдайға алаңдаушылық білдіретіндігін көрсетті. Қоқыстарды уақтылы жинамау сынды проблема да бар.
Жалпы айтқанда, індетке қатысты жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында және халық қабылданған шараларды қолдайды.
Сонымен бірге, Мәжіліс депутатының айтуынша, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұйымдасқан түрде жеткізуді жүйелі түрде күшейту қажет, сонымен қатар санитарлық нормалардың міндетті сақталуына ерекше назар аудару керек.
«ҚазАқпарат»