Журналистер «Ақ жолдан» алғыс арқалады!

img 20220628 wa0205 Қоғам

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов партия жұмысын насихаттауға атсалысып жүрген бірқатар журналистерге алғыс білдіріп, құрмет көрсетті.

– «Жегені — жантақ, арқалағаны — алтын» журналистердің еңбегі өлшеусіз. Оларды халық пен биліктің арасын жалғаған алтын көпір десе де болады. Ел аузында «төртінші билік» атануы да тегін емес. Сондықтан қандай құрмет пен марапатқа да лайықты. Әсіресе, қай партияның да жүзеге асырып жатқан жарқын жобаларын тең дәрежеде елге танытып жүрген тілшілерге айтар алғысымыз шексіз, – деді ол.

Марапатталғандар қатарында «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов, блогер Әділет Қанатұлы, «Атырау» телеарнасынан – Тілекқабыл Ғұмаров, Айымгүл Хайруллина, «Прикаспийская коммуна» газетінен – Надежда Шильман, Әнуар Әбілғазиев, «Дендер» газетінен – Жанай Амантурлин, аталған партия филиалы төрағасының кеңесшісі Әбілхан Төлеуішұлы және «Атырау» газетінен – әріптесіміз Амандық Сағынтайұлы бар.

Өз тілшіміз

img 20220628 wa0209
img 20220628 wa0210
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз