«Матендік» мұнайшылар 650 метр бөгет тұрғызды
Атырау қаласы Алмалы ауылында бөгет салу жұмысына жұмылдырылып жатқан компаниялардың бірі – «Матен Петролеум» АҚ-ы 650 метр жерге бөгет үшін топырақ төсеп, топырақ толтырылған қапшықтарды әзірледі. Компания жұмысшылары екі ауысыммен жұмыс істеп, тәулік бойына тер төкті. Күні-түні жұмыс істеген компания жұмысшыларының көмегімен белгіленген нысанның жұмысы уақытында аяқталған.
Мекеме тарапынан бөгетке жақын орналасқан «Бұлбұл» балабақшасы мен сол маңайдағы екі жеке тұрғын үйдің айналасын қоршауға көмектесіпті.
– Бұл бөгеттің биіктігі 2 метр, ені 4 метр. Осы жұмыстарға 10 өзі аударғыш (самосвал) КамАЗ, жол тегістейтін каток көліктері жұмылдырылды. Алдағы уақытта мекеме тарапынан әлеуметтік көмектер беріледі деп күтіліп отыр, — деді «Матен Петролеум» АҚ орталық инженерлік-техникалық қызмет бөлімі басшысының орынбасары Азамат Әбдікәрімов.
Алмас ҚАБДОЛОВ
Бейнежазбаны түсірген автор
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ