
Жаңалықтар
Мәслихаттың кезекті сессиясы өтеді
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, кезекті ХХХІ (31) сессиясы шақырылады.
Өтетін уақыты: 2022 жылдың желтоқсан айының 23 күні сағат 10:00 – де.
Өткізілетін орны: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі №77а, Мәслихат аппараты.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Атырау қаласы Мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №130 «2022-2024 жылдарға арналған Атырау қаласына қарасты ауылдық округтер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы;
- «Атырау қаласының полиция басқармасы Әкімшілік полиция бөлімінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 2021 және 2022 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстары туралы»;
- Әртүрлі мәселелер.
Атырау қаласының Мәслихаты