«Сарайшықта» азық-түлік бағасы неге қымбат?

ЕАС 047 1 Жаңалықтар

Биыл облыста жыл басынан бері 21 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Оның 20-сы ет өндіруді, ал, бір кооператив сүт бағытын дамытуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалында өткен «Аграрлық сектор» бағыты бойынша комиссия отырысында айтылды.

ЕАС-047-1-768x511

Облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Серік Сәрсекенов іске қосылған жобалар аясында тұрғындарды жергілікті өнімдермен қамту ісі қолға алынғанын айтты.

– Биыл агроөнеркәсіп кешеніндегі он төрт мемлекеттік бағдарлама арқылы субсидиялауға 3,9 млрд. теңге қаражат бөлінді. Өңірде тұрғындарды әсіресе, сүт, ет өнімдермен қамту көрсеткіштері жоғарылап келеді. Өнімнің бұл түрлерінің өндірілу көрсеткіші жүз пайыздан асады. Сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2015 жылы 305 сауда-саттық орны бар «Сарайшық» базары ашылды. Күні бүгін аталған базарда жергілікті тауар өндірушілер өнімдерін делдалсыз сатуда. Сондай-ақ, жыл басынан бері 281 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, – деді ол.

Жиын барысында «Сарайшық» базарындағы азық-түлік делдалсыз келгенімен, бағаның өзге сауда орындарынан еш айырмашлығы жоқтығы туралы мәселе көтерілді. Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері, ғылым кандидаты Елемес Абдошев бастапқыда коммуналдық базар деп ашылған бұл сауда орталығының, бүгінде аты затына сай еместігіне ренішін білдірді.

– Орын ақыларына өзге жерлерден арзан төлесе де саудагерлер бағаны шарықтатып қойған. Бұл жағдайға кім бас-көз болады?, – деді Е.Абдошев.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз