Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина

Мәскеулік дәрігер короновирустан қалай сақтану керектігін айтты

Atr.kz/ 30 шілде, 2020 жыл. «Мәскеулік анестезиолог–реаниматолог дәрігер Владимир Власовтың айтуынша, коронавирус жұқтырмаудың жалғыз жолы – карантин талаптарын сақтау» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Атырауға уақытша іс-сапармен келген дәрігердің айтуынша, маска тағып, қолғап киіп жүру, антисептиктік құралдарды жиі пайдаланып тұру керек. «Сау адам науқастармен қатынасты шектеп, күнделікті тамақ рационын байытып, «С», цинк дәрумендерін тұтынғаны дұрыс. Ал, «Д» дәрумені аса қажет емес, өйткені ол күн сәулесінен де беріледі. Атырауда онсыз да күн ыстық.
Байқағанымыз, майлы тағамдарды көп тұтынған​ адамдар вирус жұқтыруға бейім болып шықты. Дененің қалыпты салмағын сақтау үшін күніне қанша калория жинап, қаншасын жұмсайтыныңызды қадағалап отырыңыз. Көкөністер мен майсыз ет жеген дұрыс. ​ Өйткен, тамақтың ағзаға дұрыс сіңбеуі, қорытылмауы адамның тынысының тарылуына әкеледі», – деді В.Власов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button