МӘСКЕУДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен өткен шараны негізінен Мәскеудегі жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық жастар ұйымдастырған.
«Шара барысында Ресейдің Халықтар Достығы Университетінің студенттермен жұмыс бойынша проректоры, техника ғылымдарының кандидаты Александр Гладушкөп ұлтты Қазақстанның тәжірибесі маңызды екенін айтты» деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі.
Сондай-ақ, РФ-дағы «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілі Фарида Мықтыбаева ағымдағы жылдың еліміз үшін маңыздылығына тоқталды. «Биылғы жылдың Қазақстан үшін орны ерекше. Себебі, Қазақстанда маңызды тарихи даталар аталып өтіледі. Халықаралық бағдарламалар орталығының және жастардың бастамасымен бұл концертті Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының 10 жылдығына арнадық», — дейді ол.
Дайындаған
Мәлике ҚУАНЫШЕВА.