ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

Ұстаз! Осынау бір ауыз сөзде қаншама жылылық, қаншама мағына бар десеңізші. Өйткені, оның алдынан ғалым да, шахтер де, ақын мен әкім де – бәрі өтеді. Сондай ұстаздың бірі – №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бибігүл Шамұратова. Ол шәкіртінің тек білімді, зерек, ойлы азамат болып қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге ұлтжанды, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігі зор, иманды, табанды азамат болып қалыптасуына бір кісідей атсалысып, сол жолда аянбай еңбек етіп келеді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген дана қазақ.  Бибігүл Иванқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын бітіріп, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте, кейін №9 орта мектепте ширек ғасырға жуық жемісті еңбек етуінің арқасында ұжымдастары арасында зор беделге ие, талай  оқушыны үлкен өмірге қанат қақтырды. Талмай еңбек етуінің арқасында  шәкірттері облыстық, республикалық сайыстың жүлдегерлері болуда. Ал, мектеп бітіріп, қияға қанат қаққан түлектері жоғары білім алып, экономикамыздың сан саласында адал еңбек етуде.

                               Нұргүл БОРАНҚҰЛОВА,

Қызылқоға ауданы,

Сағыз селосы. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз