82336816 2629955220558186 2376329233631805440 n

Майкөмгенде – дене шынықтыру-сауықтыру кешені! (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/16 қаңтар, 2020 жыл. Майкөмген ауылдық оругінде «Игілік» бағдарламасы бойынша «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысын жүргізген 2 қабаттан тұратын 269 орынды дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

1- қабатында негізгі спортық шаралар өтетін зал, киім ауыстыру, шаруашылық және медициналық көмек көрсету бөлмесі бар.

2- қабатында спорттық құралдармен жабдықталған екі жаттығу залы орналасқан.

Ғимарат ауласында баскетбол, волейбол және кіші аяқ доп алаңдары бар.

Бұл өңірлердің ішкі мүмкіндіктері мен жоғары спорттағы жетістіктерін еселеуге жол ашады, бұқаралық дене шынықтыру қозғалысын дамытуға жағдай жасайды. Осы спорттық нысанның пайдалануға берілуі әлеуметтік салада жүзеге асып отырған мемлекеттік саясаттың бір айғағы.

Алдағы уақытта осы спорт алаңында жаттыққан жасөспірімдер арасынан болашақ чемпиондар шығатынына сенімдімін. Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз,- деді Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет.

Дереккөз: Atyrau Sport

82822220 2629955187224856 2888674791449952256 n
81845647 2629955523891489 5455888842915577856 n
81762605 2629955427224832 6450013264716759040 n
82787175 2629955310558177 7083741607706492928 n
82387296 2629955493891492 6099658690594340864 n

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған