Жарнама
Жаңалықтар

Марста судың бары туралы теория жоққа шығарылды

Франция мен АҚШ ғалымдары Марстың жоғарғы қабатын зерттеуші «Curiosity» құрылғысынан алынған мәліметтерді зерделей келе, аталмыш ғаламшар бетіндегі өзендердің «сағасы» суға еш қатысы жоқ деген түйінге келді.

ФОТО - МАРС

Ғалымдар Марстың бетіндегі «жыралар» мен «арналарды» зерттей келе, олар қатты күйдегі көміртек диоксидінің әсерінен пайда болуы мүмкін деп шешті. Анықталғандай, температура қатты төмендеген кезде топырақ бөлшектері аталмыш көміртек диоксидінің үстімен сырғиды.

Mars Reconnaissance Orbiter марстық аппараты түсірген суреттер мамандардың пайымын растады,-деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ Nature Geoscience сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін NASA 4 млрд. жыл бұрын Марста су болғанын және олардан Шарп тауының маңында көлдер қалыптасқанын жариялаған болатын.

Айқара Ғұмар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button