Атырауда 103 қызметінің бригадасы 9 жастағы баланы аман алып қалды

5ed228c4e268e Жаңалықтар

Құрманғазы ауданында жедел жәрдем бригадасы мұз астына ойылып кеткен балаға реанимацияны сәтті жасап, аман алып қалды.

Оқыс оқиға Құрманғазы ауданы Байтарал ауылында орын алған. Өзек жағалауында ойнап жүрген 9 жастағы бала мұз ойылып, су астына батып кеткен. Жақын маңдағы көршілері бірігіп, баланы судан шығарып алғанмен, тіршілік белгілері болмаған.

331696561 1828446497531487 8518531790022356337 n

«103» пультіне түскен шақыртуға дереу келген Құрманғазы аудандық бөлімшесі бригадасы шұғыл медициналық көмек көрсетуге кіріскен. Балаға реанимациялық шаралар сәтті жасалып, аман алып қалған. Баланың жағдайы тұрақталған соң аудандық ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда, дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Айта кетелік, бригада құрамында болған фельдшерлер М.Разеденов, А.Утесова және көлік жүргізушісі Е.Кабдулхаховтың бірлесіп атқарған білікті жұмыстарының арқасында баланың өмірін сақталып қалды.

Құрметті ата-аналар, қысқы-көктемгі кезеңде балалардың су айдындарында болуына жол бермеңіз. Әсіресе мұз үстіндегі ойындар қолайсыз екенін ескертеміз!

Ser-per.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз