Тутұғырдың туы қайда кетті?

img 20210101 wa0142 Жаңалықтар

Атырауда жуырда ғана бой көтерген Тутұғырдың туы дауылды ескертуге орай алынып тасталғаны белгілі болды.

Әкімдіктің бұл шешімі туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұханов хабарлады.

«Мемлекеттік Ту қашан да өзіне көп назар аудартады. Сондықтан қолайсыз ауа-райына байланысты ол алынып тасталды» деді ол.

Айта кеткен жөн, ауа-райы қалпына келген соң ту тұғырға қайта қонбақ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз