Мақаттан шыққан мұғалім экологиялық таза сабын шығарып отыр ( +ВИДЕО)

img 20201123 wa0065 Жаңалықтар

«Химиялық қоспасыз жасалған сабындар – экологиялық тұрғыда тазалығымен ерекшеленуде. Қазіргі уақытта Мақат кентіндегі №76 Латиф Шахатов орта мектебінің   мұғалімі сабынның бірнеше түрін жасап шығарып отыр» деп хабарлайды Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 «Гипоаллергенді өнім күнделікті тұрмыста иіс сабыны ретінде пайдалануға келеді.

Сабынды жасау барысында табиғи өнімдерді пайдаланамын. Мәселен, лимон – денеге балғындық, құрамындағы С дәрумені ағзаға нәр береді. Екінші түрі ақжелкен қосылған сабын. Оның құрамында көптеген дәрумендер топтамасы бар. Ақжелкенді кептіру арқылы жасалған сабынды жаңа туған нәрестеден бастап, кез келген жастағы адам қолдануға болады. Ал, өнімге қосылатын эфир майы хош иіс береді» дейді  Мақат кентіндегі №76 Латиф Шахатов орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Марфуға Ағынова.

Аталмыш мектепке биыл ғана жұмысқа тұрған жас маманның сабын жасаумен айналысып келе жатқанына бір жылға жуық уақыт болыпты.

«Химия өте қызықты сала. Осындай тұрмыста қолдануға болатын өнімдер жасауға баулу арқылы, оқушыларды салаға қызықтыруға болады. Толық қыр-сырын меңгеріп алғаннан кейін, сабын жасауды оқушыларыма үйретуге дайынмын» дейді  жас маман Марфуға Ағынова.

img 20201123 wa0078
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз