Жарнама
ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБАҚоғам

Атырауда «Дина» базары отқа оранды… (ВИДЕО)

Бүгін түнде әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы «Дина» базары отқа оранып жатқан сәті түскен әуесқой видеолар тараған болатын…

https://youtu.be/ktVyWgeD74o

Бейнежазбадан сауда орталығынан қызыл жалын лапылдап жанып жатқанын анық көруге болады.

https://youtu.be/d6K_pbQWjw0

Анықталғандай, Атырауда түнде базар өртеніп, оны сөндіруге 150-ден аса адам жұмылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 19 желтоқсанда сағат 01.41-де Атырауда «Дина» сауда базарының аумағында жалпы ауданы 3 420 шаршы метр өрт шыққан.

«Өрт сағат 04.25-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зарап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖ департаменті (63 қызметкер, 11 дана техника), «Өрт сөндіруші» АҚ (3 қызметкер, 1 бірлік техника), Полиция департаменті (50 қызметкер, 20 бірлік техника), 5546 әскери бөлімі (52 әскери қызметкер, 3 бірлік техника) жұмылды», — делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button