
ЖаңалықтарБілім
Мақаттағы мектепке жапсарлас ғимарат салу үшін 600 миллионға жуық қаражат қажет
Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин өзінің «Мақат ауданының 2020 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы атқарылатын міндеттер туралы» баяндамасында айтты.
– Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебіне 250 орындық жапсарлас ғимаратын салу өзекті мәселенің бірі. Себебі бүгінгі күні мектептің асханасы мен спортзалы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес емес. Жоба құны — 583 млн 542 мың теңге, — деді аудан басшысы.