Фейк: COVID-19 өте қарапайым және әлсіз, оны емдеу оңай

1 k700 COVID-19: Соңғы поштадан...

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде израильдік зейнеткер-дәрігер Иосиф Восктың коронавирус «өте әлсіз және қарапайым, сондықтан антиденелерді қажетті мөлшерде қалыптастырмайды» деген видеосын таратуда. Бұл тұжырымдардың неге шындыққа жанаспайтынын айтып берейік.

Коронавирус әлсіз және оны көптеген дәрі-дәрмекпен емдеуге болады деуге ешқандай ғылыми дәлелденген негіздемелер жоқ. COVID-19 жұқтырып, ауырған адамдарда вирусқа қарсы антиденелер қалыптасады. Кейде зерттеулер жеңіл түрде ауырған адамдарда антиденелердің аз мөлшерін көрсетеді. Калифорниядағы Ла Джолла иммунология институтының вирусологы Шейн Кротидің айтуынша, бұл көптеген вирустарға тән қасиет. Ауыр түрде ауырған науқастарда көп жағдайда күшті және ұзаққа жететін иммунитет реакциясы қалыптасды.

Иосиф Восктың видеосынан коронавирус тек аэрозольді жолмен ғана тарайды деген пікірді де ести аламыз.

Шын мәнінде, дәрігерлер инфекцияның таралуының басты (бірақ жалғыз емес) әдісі ауа-тамшылық жол деп санайды. Кейде ауада қалып, аэрозольді жолмен де таралуы мүмкін, мысалы, COVID-19 жұқтырған науқас шығып кеткен бөлмеде. Вирустың заттардың беті арқылы берілетіні де расталды, бірақ ол негізгі әдістерге жатпайды.

«stopfake.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз