Жарнама
Жаңалықтар

Мақат ауданы: Бастауыш мектептің биік белесі

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған «Ауыл мектебі – сапа алаңы» атты іс-шарада Мақат ауданындағы №2 бастауыш мектебі «Тиімді ауыл мектебі» номинациясына ие болды. Сондай-ақ салтанатты жиында осы мектептің директоры Руслан Баймұқашев «Іскер менеджер» номинациясын иеленіп, зор құрметке ие болды.

img 4645

Республикалық деңгейдегі ауқымды іс-шараға қатысқан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев марапат иелерін құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Мектеп директоры Руслан Теміржанұлының сөзінше, бұл марапат ұжым үшін зор құрмет, үлкен мәртебе, қажырлы қызметтің лайықты бағасы.

img 4644 1

Атырау облысындағы 200-ден астам білім беру мекемесінің ішінен үздіктердің үздігі атанған №2 бастауыш мектебінің ұжымы мен оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз!

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button