МАҚАТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Әсел Шайзадақызы 1990 жылы 17 желтоқсанда Мақат ауданы, Мақат кентінде дүниеге келген.
Аудан әкімінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №258 өкімімен Қаржауова Әсел Шайзадақызы аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Білімі жоғары, 2014 жыл Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011-2013 жылдары Мақат кентіндегі Х.Санбаев атындағы орта мектебінде мұғалім бастаған.
2013-2015 жылдары Мақат кентіндегі Х.Санбаев атындағы орта мектебінде психолог;
2015-2016 жылдары Мақат аудандық білім бөлімінің әдіскері;
2017-2018 жылдары Мақат кентіндегі Х.Санбаев атындағы орта мектебінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі;
2017-2020 жылдары Мақат аудандық жастар орталығының басшысы;
2020-2022 жылдары “Nur Otan” партиясы Мақат аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
2022-2023 жылдары “Amanat” партиясы Мақат аудандық филиалының атқарушы хатшысы;
2023 жылдың желтоқсан айынан күні бүгінге дейін “Amanat” партиясы Атырау облыстық филиалы, Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі