Атырауда Қызылжар өзегінен балықтар құтқарылып жатыр

fb img 1619671117954 Жаңалықтар

Бұған дейін Махамбет ауданына қарасты Еңбекшіл ауылы тұсындағы Жайық өзенінің Қызылжар өзегіне қатысты әлеуметтік желілерде видео тараған болатын.

Махамбет ауданы әкімдігі қырылып жатқан балықтарға қатысты түсінік берді.

«Оқиға орнына Махамбет ауданы әкімі Р.Джанглишов пен «Жайық – Каспий» облысаралық балық шаруашылығы мекемесі басшысының м.а Н.Гайсин, сала мамандары барды. Қазіргі таңда аталған Қызылжар өзегінде қайырлап қалған өлі шабақ балықтары мамандар қатысуымен залалсыздандырылды. Тірілерін құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Құтқару жұмыстарына мамандар, еріктілер және табиғат қорғаушылар жұмылдырылған» делінген ресми хабарламада.

Әзірге өзек бойындағы балықтардың неден қырылғаны жұмбақ күйінде қалып отыр.

fb img 1619671132150

«Atr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз