Жаңалықтар
Мамырда қанша күн демаламыз?
Мамыр айында Қазақстан халқы 20 күн еңбектеніп, мереке күндеріне байланысты 11 күн демалады.
Сәуірдің соңында қазақстандықтар бір сенбіні (28 сәуір) жұмысқа арнайды. Ал оның орнына дүйсенбі күні – 30 сәуірде демалады. Сәуірдің соңы мен мамырдың басы 3 күн қатарынан демалыс, яғни, 29 сәуірден бастап, 1 мамыр қоса есептеліп отыр.
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде де осылай болады. Сенбіге келген 5 мамырда жұмыс күні болса, есесіне 4 күн қатарынан демалады. Сол себепті, 6 мамырдан бастап 9 мамырды қоса есептегенде демалыс күндері болып есептеледі.
Хорлан СМАДИЯР