
Мамандар ауруханаға түскен 19 студенттің жағдайы туралы толығырақ айтты
Atr.kz/23 мамыр, 2019 жыл. Бұл туралы Atr. kz-ге берген сұхбатында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-хатшысы Аманжол Сағынғалиев айтты.
«Қоңырау жедел жәрдем қызметіне шамамен сағат 13.30-да түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі 4 минут ішінде жетті.

Ауруханаға түскен барлық 19 студентке алғашқы медициналық қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда ем шаралары жүруде. Студенттердің жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің бақылауында. Бір студент Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді» деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-хатшысы Аманжол Сағынғалиев.
Атырау сервистік колледжінің мейіргері Бәтима Жүнісова студенттердің бастапқыда тыныс алу жолдарының қиындауына шағымданғанын айтты.

Батима Жүнісова, Атырау сервистік колледжінің мейіргері:
«Балаларды тамақтан иә газдан уланды деп айта алмаймын. Себебі, асханада ас электрлік пеш арқылы дайындалады. Ауру тыныс алу жолдарының қиындауынан басталып тұр».

Амандық АБДОЛ, Баян ЖАНҰЗАҚОВА.