
Жаңалықтар
Мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылды
Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл. 6 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына сілтеме жасап.
«ІІМ жаңа ақпараттық жүйесінде анықталған ақаулықтарға байланысты 6 қаңтарда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. ХҚО-лардың қашан жұмысын бастайтындығы қосымша хабарланады», — делінген корпорацияның желідегі ресми парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін 4 қаңтар күні мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемеген еді.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.