КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР: Санитарлық талапқа сай ма? (+ФОТО)

img 7361 scaled Жаңалықтар

Аtr.kz/26 мамыр, 2020 жыл. Карантин жеңілдетіліп, бірқатар жұмыс орындарының жұмысына рұқсат берілгенімен, осы нысандарда «әттеген- ай!» деген тұстар жетіп артылады. Өйткені, кейбір кәсіп иелері қазіргі талапқа сай санитарлық ережелерді сақтамай, жұмысты жалғастыра беруді жөн көріпті. Бұл олқылықтарға Атырау қалалық әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ ұйымдастырған рейд барысында куә болдық.

 Коронавирус инфек- циясының таралуының ал­дын алу мақсатында каран­тин режимі талаптарының сақталуын қадағалауда құзырлы орын өкілдері облыс орталығындағы бірнеше ны­санды аралады. Нәтижесінде бірқатар заң бұзушылық анықталды.

А в а н г а р д ы қ ш а м – ауданындағы «Garderob Atyrau» әйелдерге арналған киім сататын дүкеннің к і р е б е р і с і н д е г і е д е н ­де залалсыздандырылған т ө с е н і ш т і ң ж о қ т ы ғ ы анықталды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысанының өкілі бетпердесіз қызмет ету­де. Жұмыс кестесі туралы ақпарат мүлдем жазылмаған. Антисептик қойылғанымен, сатып алушылардың қолды осы ерітіндімен жуып кіруін қадағалап жатқан ешкім жоқ. Таңертеңгілік уақыт болған соң ба, қызу жүріп жатқан сауда да байқалмады. Бұл дүкеннің иесі – Әлия Ку­биева. Сауда орнында өзі болмағанымен, жұмысты анасы қадағалауда.

– Біз негізінен тауарды «Насиха» сауда үйіндегі бу­тикте сатамыз. Наурыздың 26-сында жаңа тауарлар­ды Алматыдан әкелгеніміз сол еді, екі-үш күннен кейін төтенше жағдай жарияла­нып, жұмысымыз уақытша тоқтады. Бұл кезеңде жаңа тауарларды сатуға еш мүмкіндік болмады. Қазір карантин кезінде сауда үйі әлі ашылмағандықтан, Аван­гард ықшамауданындағы осы нысанды жалға алуға тура келді. Тұтынушыларымызбен дүкенде кері қауышып жатқанымызға ризамыз. Алайда, сауда жүру үшін тауар бағаларын бұрынғы сомасынан бірнеше есе ар­зандатып қойдық, – деді жеке кәсіпкерліктің өкілі. Сондай- ақ, ол санитарлық талапқа сай келмейтін тұстарды жедел реттейтінін айтты.

img 7345
img 7351 3

 Бетпердесіз қызмет етуде

Рейд барысында анти­септикпен қол жуып, қ ы з м е т к е р л е р м е н тұтынушылардың бетперде тағуына баса мән берілмейтіні бірнеше рет кездесті. Нұрсая ықшамауданындағы «5000 ұсақ-түйек» дүкенінде де осы жайтқа тап болдық. Кас­сир әйел өзі жүкті бола тұра, денсаулығының қауіпсіздігіне бейжай қараған. Өзін Айдана Әлімбекова деп таныстырған сауда нысанының әкімшісі заң бұзушылыққа жол беріп, клиенттерге бетпердесіз қызмет көрсетуде. Мұнда кассадағы тұтынушылар арасында 1,5-2 метр ара- қашықтықты сақтау талабы мүлдем орындалмаған. Есікте жұмыс кестесі жазылған парақ ілінбеген.

– Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, бұлайша ұзын-сонар кезекпен клиенттерге қызмет көрсетуге болмайды. Касса алдында арақашықтықты сақтау үшін еденде сызықтар сызылуы ке­рек. Дүкенге үш-бестен артық клиент кірмеуі тиіс. Олардың бетперде тағып және анти­септикпен қол жууын қатаң қадағалау қажет. Жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін болуы тиіс. Бұл міндетті түрде жазылуы керек, – деді Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің жетекші маманы Ақбөбек Батырқайырова.

Дәл осындай кемшілік аталған мөлтекаудандағы «Га­строном №1» супермаркетінде де анықталды. Мұнда антисептиктің орнына ыдыс жуғыш құрал қойылған.

 Құзырлы орын өкілдері антисептик пен нысанды дезинфекциялауға арналған құралды еш нәрсемен алмастыруға болмайтынын баса айтты. Ереже бойынша бетперде әрбір екі сағат сайын ауыстырылуы тиіс. Ал, супер­маркетте қызметкерлерге арналған бетперденің қоры болмады.

img 7352 1
img 7404

Шектеу мерзімін күтпеген

Бұған дейін облыстың бас санитар дәрігері өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде кафе­лер мен мейрамханалар, дәмханалардың қызметіне  2 5 м а м ы р д а н б а с т ап рұқсат берілуі мүмкін екенін мәлімдеді. «Алды­мен, тамақтану орында­рында қызметкерлер мен келушілердің арақашықтығы сақталуы тиіс. Мейрамхана­лар мен кафелерде желдету жүйесі жақсы күйде болуы шарт. Міндетті түрде ғимарат ішін желдетіп, ауасын тазар­тып тұру керек. Тамақтану орындарында тұрақты бактерицидтік шамдар орнатылуы тиіс. Бұл коронави­рус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады. Мейрам­ханалар мен кафелердің кіреберісіне дезинфекциялық тосқауылдар (кілемшелер) қойылуы керек. Үстелдердің орналасуы біркелкі болғаны жөн, олардың арасы 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс. Бүгінге дейін олар осы жұмыстарды реттеуі қажет» деді аталған басқарманың санитарлық-гигиеналық бөлімінің жетекші маманы Әсем Жұбанова.

Біз рейдке шыққан күні дәмханалар өз қызметін қайта бастау үшін дайындық жұмыстарын ғана жүргізуге құқылы еді. Алайда, шектеу мерзімін күтпеген «До­нерстан» кафесі өрескел олқылыққа жол берді. Олардың жазғы кафесінде екі адамды тамақтандырып жатқан сәтіне тап болдық.

– Штатта негізінен 12 қызметкер бар. Қазір төрт адам жұмыс жасауда. Каран­тин жағдайына байланысты негізінен клиенттердің тап­сырысы бойынша «жеткізіп беру» әдісімен қызмет етудеміз. Екі клиенттің «осы жерде тамақтана қояйықшы!» деген көңілдерін қимай, ас мәзірін ұсынған едік. Бұл қызмет түріне әзірше рұқсат жоғын білмей қалдық, – деді кафе әкімшісі Шаттық Сабирова.

Қауіпті инфекцияның ал­дын алуда «клиент көңілін қимадық» деп бұлайша заң бұзушылыққа жол беруге болмайды. Өйткені, қазір қалтаны емес, халықтың жағдайын ойлап, аурудың алдын алу маңызды екенін ұмытпаған жөн. Осы орайда, мониторингтік топ мүшелері мұндай өрескелдікке жол бер­меу қажеттігін қатаң тапсы­рып, кафе иесімен әңгімелесу үшін оны құзырлы орынға шақырды.

img 7375
img 7358

Ереже қайта бұзылса…

Мониторингтік топ бұл күні тұрмыстық техника, ет сататын дүкендердің және сұлулық салондарының жұмыстарымен де таны­сты. «Сәния Ілиясова» сұлулық салоны мен «Кос­мос» ет дүкені басшылары өз қызметкерлерінің санитарлық режимді сақтауын баса қадағалап, үнемі бетперде мен қолғап, антисептик­пен қамтамасыз еткен. Ал, санитарлық талап сақталмаған нысандардың басшыларына ескерту берілді.

– Төтенше жағдай кезінде барлығы 1176 кәсіпкерлік орны тексерілді. Санитарлық талапты сақтамай жұмыс жасаған төрт азық-түлік дүкенінің ісі сотта қаралып, олардың әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ал, төтенше жағдай алынып, карантин режимі ұзартылған кезеңде 326 нысанның ж ұ м ы с ы б а қ ы л а н д ы . Олардың ішінде сегіз заң бұзушылық анықталды. Бүгінде санитарлық талап­ты сақтамағандарға ескер­ту берілуде. Егер ереже қайтадан бұзылса, айыппұл салынып, шара қолданылады немесе нысанның жұмысы тоқтатылады. Себебі, азық- түлік емес дүкендердің жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі, – деді мобильді топтың мүшесі Ақбөбек Батырқайырова.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

img 7364
img 7373
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз