Атыраудың 39 жасар тұрғыны неліктен үшінші қабаттан секірмек болғаны белгілі болды

210217004516866e Жаңалықтар

Атырауда 39 жастағы ер адам үшінші қабаттан секірмек болған.

«ҚазАқпараттың хабарлауынша, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 операторына 16 ақпанда сағат 15:17 шамасында ер адамның құрылыс нысанының 3-ші қабатынан айқайлап тұрғаны туралы хабар түскен.

«Мақат ауданының 39 жастағы тұрғыны Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданында салынып жатқан құрылыс нысанының 3-ші қабатына шығып кеткен. Ол наркологиялық сараптамадан өткізілді. Нәтижесінде оның спирттік ішімдік ішпегені белгілі болды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз