Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Малайзия тәжірибесін ескерсек…

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық ахуалына кері әсер ететіні, елдің қалыпты дамуына айтарлықтай қауіп төндіретіні ақиқат.

әлеумет

Бұл ретте мемлекеттің арнайы бағдарламасы сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы күрестің негізі болып табылады. Оны жүзеге асыру – мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының өзекті мәселесі, басты міндеттерінің бірі. Бағдарламаның түпкі мақсаты – мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен барлық салада сыбайластыққа жол бермеу. Жемқорлық, құқық бұзушылық әртүрлі сипатта болады. Ең қауіптісі – парақорлық. Онымен күресте баршамыз ымырасыз, барынша қатал, адал болуымыз керек.

Бірқатар адамдар сыбайлас жемқорлық мәселелері мемлекеттік қызметтегі немесе оларға теңестірілген адамдарға қатысты деп есептейді. Алайда, бұл олай емес. «Жемқор» ұғымына мәртебесіне қарамастан, пара бергендер де, пара берген кезде делдал болып табылатын адамдар да жатады. Осы жерде   назар аударғым келетіні, парақорлық жасаған кезде екі тарап та қылмыс жасайды, яғни екеуі де құқық бұзушылар қатарына жатады.

Осы орайда сыбайлас жемқорлықпен күресте әлемдік үздік тәжірибелердің маңызы зор деп есептеймін, әсіресе, Малайзия елінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіндегі жетістіктеріне тоқтала кеткен артық болмас. Аталмыш елде әкімшілік сыбайлас жемқорлық жойылды деп айтуға болады. Бұл үш бағыттағы кешенді саясатты жүргізудің нәтиже-сінде іске асқан:

— мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу;

— мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды қатаң сақтауы;

—  мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын өсіру.

Малайзияда үздіксіз түрде әлеуметтік сауалнамалар мен зерттеулер «қалың бұқара арасында жүру» жолы арқылы ұйымдастырылып отырады. Бұл халықтың сыбайлас жемқорлыққа кері пікірлерін қалыптастыруға әсер етеді. Шынында да, Қазақстан мен Малайзия елдерінің халқы санының шамалас болуы, мемлекеттік аппарат саны, экономикасының көлемі сияқты ұқсастықтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрған стратегиясы мен оның жоғары деңгейде іске асырылуы – Қазақстан үшін таптырмас тәжірибе.

Елбасының өткен жылғы 13 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министірлігін қайта ұйымдастыру туралы» Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттік, оның құрылымында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы» құрылды.

Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттіктің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының өкілеттілігіне кіріп отырғаны сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу, сонымен қоса, негізгі басым бағыттарының бірі, мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын мемлекеттік бақылау,мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы  заңнаманың сақталуы бойынша жұмыстарын арттыру болып отыр. Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл танытатын, яғни жемқорлық көрініс-терінің барынша алдын алуға бағдарлан-ған жүйе де жаңартылуда.

Міне, осындай өзгерістер мен жаңа бастаулардан кейін, жағымсыз да қатерлі әдеттің жұқпалы аурудай кең тарамауының алдын алу үшін Елбасы мемлекеттік құрылымдардан тиімді,    нақты бағытталған жұмыстар күтеді. Бұл ретте мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс.

Жұмагелді ҒҰБАЙДУЛЛИН,

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің профилактикалық жұмыс және

бақылау басқармасы бас маманы, аса маңызды істер жөніндегі аға офицері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button