Жарнама
Жаңалықтар

МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА – ЖАҢА ӘКІМ

 

Махамбет аудандық мәслихатының ұйғарымымен және облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімі бойынша Әлібек Нәутиевті осы ауданға әкім етіп тағайындап жатырмыз. Әлібек Ибатоллаұлы – осы жердің азаматы, кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Сонымен қатар, ол Құрманғазы, Қызылқоға, Индер аудандарын басқарды. Тәжірибесі мол  білікті басшы, — деп, Ғұмар Ислямұлы аудан активінде жаңа басшыны таныстырды.

Жиын барысында ауданды басқарып келген Ерлан Жаңабаев артылған жауапкершілікті барынша атқарғанын айтып, өзіне қолдау көрсеткен аудан халқына алғысын білдірді. 

Айгүл ЕРТІЛЕУ. 

Махамбет ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button