whatsapp image 2021 05 27 at 12.02.03

Облыстық персоналды басқару көрсеткіші 6 позицияға жоғарылады

Жаңалықтар Қоғам
50 / 100

«Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің жетекшілігімен өткен жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Салауат Мүксімов мәлімдеді»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Селекторлық отырыста облыстың жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылғы қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері жан-жақты талқыланып, қорытындыланды.

«Персоналды басқару» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау – мемлекеттік органның қызмет жүйесінде адами капиталды дамыту бойынша бағаланады»,-деген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Салауат Мүксімов өңір көрсеткішіне тоқталды.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысы 85,95 балды иеленіп, республикалық рейтингте 5 орында. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,87 баллға немесе 6 позицияға жоғарылады. Бағалауға облыстық әкім аппараты мен басқармаларды қоса алғанда 27 мемлекеттік орган және онда қызмет ететін 438 мемлекеттік қызметші енді»,-деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, аталған бағалау 15 көрсеткішті қамтитын үш критерий бойынша жүзеге асырылатыны жеткізілді. Олар: таза ауысымдылық көрсеткіші, мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы мен мансаптық өсу.

Департамент басшысының айтуынша, соңғы уақытта кадрлық сапалық құрам жақсарып келеді. Айталық, облыстық әкімдікте «Болашақ» бағдарламасының 4 түлегі, шетелдік білімі бар 13 қызметші, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының 1 түлегі еңбек етеді.

Өз кезегінде, 2020 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарына жаңа жалақы жүйесінің енгізілуі нәтижесінен мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артқаны да айтылды.
Ал, мемлекеттік қызмет жүйесі ішінде мансап сатысымен көтерілген тұлғалар саны 27 адамды құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 15,1 пайызға артық.

Сонымен қатар, жиында сауалнама арқылы бағаланатын көрсеткіштерде тұрақты өсу динамикасы байқалатыны айтылды. Динамиканы сақтап қалу үшін мемлекеттік қызметшілерді қолайлы еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету, «Меритократия және ұйымдастырушылық мәдениет» критерийлерінің көрсеткіштері бойынша анонимдік сауалнамаларды үнемі ұйымдастыру ұсынылды.

Жиын соңында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қызметтің тиімділігі мен нәтижелігін арттыру бойынша жауапкершілікті күшейту, қызмет сапасын жақсарту, қызметкерлердің біліктілігін көтеру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған