МАХАМБЕТТЕ ЖОЛ АПАТЫНАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ҚАЗА ТАПТЫ

img 20220222 wa0001 Жаңалықтар

21 ақпанда Махамбет ауданы,  Бейбарыс ауылының тұсында Лада Гранта көлігі ауыр жүк көлігіне соғып, салдарынан көлікте болған ерлі-зайыптылар қаза тапты.

Көлікте ерлі-зайыптылардың баласы болған. Көрер жарығы бар сәби аман қалған. Бейресми ақпарат бойынша, көлік жүргізушісі қатар келе жатқан екі ауыр жүк көлігінің бірін басып озып, қарсы бағытта келе жатқан көліктен қашамын дегенде көлікті игере алмай, алдындағы жүк көлігіне соққан. Қаза тапқан ерлі-зайыптылардың отбасына сабырлық тілейміз!

Абай ҚАБДЫҚ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз