Кәсіподақ – ықпалды күш

Семинар Білім

Исатай ауданында облыстық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының «Кәсіподақ күші – бірлікте. Кәсіподақ ұйымының жұмысын заманауи бағытта ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.

%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%80

Аудандық білім бөлімінің, салалық кәсіподақтың барлық аудандағы өкілдері және жоғары оқу орындарының басшылары қатысқан шарада еңбек адамының құқығын қорғау аясында көптеген мәселе талқыға түсті. Оның ішінде облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қилымғали Қайненов өзінің сөзінде қай салада болмасын қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамып жетілген заманның талабына ілесу үшін жұмысымызға жаңаша көзқарас, серпіліс беру және заманауи ұйымдастырудың маңыздылығын атап көрсетті.

Семинар барысында сөз ал-ған филиал төрағалары Еңбек кодексімен міндеттелген ұжымдық шарттың маңыздылығын зерделеп,  тыңдаушылардың заң және құқықтық тұрғыда сауаттылығын арттыруға баса мән берді. Салалық кәсіподақтың кездесуі барысында облыс бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен мүшелерінің қатары жылдан-жылға артып келе жатқандығы да айтылды. Яғни, биылдың өзінде бастауыш кәсіподақ ұйымының саны 403-ке жетіп, 3466 мүшемен толыққан. Олардың ішінде Исатай аудандық білім бөліміне қарасты оқу орындарындағы жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымдары да бар. Семинар барысында кәсіподақ мүшелігіне жаңадан өткен 10 қызметкерге салтанатты түрде кәсіподақ билеті мен сыйлықтар табыс етілді.

Атыраудың біртуар ақыны, жазушы Хамит Ерғалиевтың 100 жылдығымен тұспа-тұс келген облыстық семинардың екінші бөлігі рухани-мәдени шараларға ұласты.

Шолпан ӘБДЕШЕВА,

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз