Жарнама
Жаңалықтар

Махамбетте су деңгейі өзгеріссіз

Жайық өзенінің деңгейі Индербор кенті тұсында бір тәулікте тағы 6 сантиметрге азайды. Жалпы деңгейі 1005 сантиметрді көрсетіп тұр. Қауіпті мөлшерден 160 сантиметрге көп.

Жергілікті гидрологтардың ақпаратына сүйенсек, Махамбет кентінде су деңгейі өзгеріссіз, жалпы деңгейі 1020 сантиметрді құрады. Шекті мөлшерден 170 сантиметрге әлі де артық. Ал Атырау қаласындағы гидро бекетте су деңгейі тағы 4 сантиметрге көбейіп, 581 сантиметрге жетті. Қауіпті деңгейден 31 сантиметрге асты. Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су төгілуде.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button