Жарнама
Жаңалықтар

Махамбет театры 88-маусымын ашты

Ашық аспан астында өткен «Open Air» гала-концерті көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кештің басты ерекшелігі – жастардың жанды дауыста орындаған әуезді әндері болды. Сахна төрінде скрипка, гитара, барабан секілді музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен қазіргі заманда жастар арасында кеңінен танымал әндер орындалды. Сонымен қатар театр жастары поэзия оқып, кештің рухани мазмұнын байытты.




43be79cd 2aa8 4136 b5bf e849ee49222d

Шара барысында жаңа маусым қойылымдарына билеттерді ұтып алу мүмкіндігі де қарастырылды. Жүргізушілер қойған сұрақтарға дұрыс жауап берген көрермендер сахнаға шақырылып, Жүргізушілер қойған сұрақтарға дұрыс жауап берген көрермендер сахнаға шақырылып, театрдың алдағы спектакльдеріне арналған билеттерге ие болды.

6e9430e8 78ae 4e72 94b5 d4b6c791efcb

Театр ұжымы бұл кешті тек маусым ашылу мерекесі ғана емес, сонымен қатар жастардың өнерге қызығушылығын арттыруға бағытталған мәдени қадам ретінде ұйымдастырды.

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button