КОРОНАВИРУС: Атырауда мыңға жуық адам арнайы бақылауға алынды

200314003548647e Жаңалықтар

Atr.kz/16 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысында коронавирусқа байланысты 3 адам карантинде жатыр, тағы 741-і бақылауға алынды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақтық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА арнаулы тілшісі.

«Облыста коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта толық карантинде Италияда болып келген 3 адам жатыр – ҚХР-дың бір азаматы және екі қазақстандық. Олар Қазақстан-Ресей шекарасында пойыздан түсірілді. Бұл – «А» санаты бойынша. «Б» санаты бойынша, яғни Франция, Испания, Германиядан келгендер – 66 адам: ҚР-дың 9 азаматы және 57 шетелдік.

2-санат бойынша, яғни Швейцария, Ұлыбритания, Нидерладтан келген 198 адам бар: 6 қазақстандық, 192 шетелдік. 3-санат бойынша, яғни Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин және АҚШ-тан 477 адам келді, олардың 541-і – қазақстандықтар, 423 – шетелдіктер. Олардың барлығы тұрғылықты жерлері бойынша бақылауда», – деді Б.Ғазизов.

Оның атап өтуінше, облыста медициналық препараттар мен дезинфекциялық құрылғылардың қоры бар. Туберкулезге қарсы диспансерде науқастарды оқшаулауға арналған 100 орын дайындалды.

Аман ШАМАР

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9basym-zhomart-to%d2%9baev-telearna-ar%d2%9byly-%d2%afndeu-zhasajdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз