Махамбет Досмұхамбетов мақаттықтарды қабылдады

img 20210129 wa0032 Жаңалықтар


«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Мақат ауданының азаматтарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.


Азаматтардың негізгі сауалдары кентішілік жол, мектеп, балабақша салу мен абаттандыру бағытында тұрғындар атынан қойылып, инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді.


«Өмірімнің көп бөлігін бала тәрбиесіне арнағаннан кейін, кейінгі толқынның заман табалына сай білім алып, сол білімге деген дайындықтарын да жоғары дәрежеде алғанды қалаймын. Сондықтан, бүгінгі таңда аудан орталығына аталған білім ошақтары қажет етілуде»,- деді ауыл тұрғыны Роза Үмбетова.


Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов аталған мәселелер мүмкіндігінше біртіндеп шешімі табылатынын айтып, аудан әкімі Шәкір Кейкинге бақылауға алу қажеттігін баса айтты.
Айта кету керек, облыс басшысы бүгін Мақат ауданы әкімінің 2020 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша есебін тыңдаған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз