кеңес2

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

Жаңалықтар

Облыс әкімі жанындағы тілдер туралы заңнаманы және тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері Жылыой ауданында қазақ тілінің өндіріс саласындағы қолданысын тексерді.

Көшпелі кеңес2

Алдымен тіл жанашырлары «Жылыоймұнайгаз» мұнай және газ өндіру басқармасының кіреберіс дәлізінде хабарламалардың дені орыс тілінде ілінгенін көріп, оған қаншалықты сұраныс бар екенін сұрады. Айтса айтқандай, басқармада 1800 адам жұмыс жасаса, оның ішінде тек жетеуі ғана өзге ұлт өкілі екен. Кеңес мүшелері басқармадағы іс қағаздары, бұйрықтар мен хаттамалардың қай тілде жазылып жатқанын да тексеріп көрді. Бұл бағытта кеткен кемшіліктерді түзетуге кеңес берді.

Облыс әкімінің орынбасары, үйлестіру кеңесінің төрағасы Әлібек Нәутиевтің төрағалығымен «Қазақ тілінің өндіріс саласындағы қолданысы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Онда үйлес-тіру кеңесінің төрағасы үш тілді қатар меңгерудің  маңыздылығы назардан түспейтінін, Елбасының бұл саладағы тапсырмаларының және «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» аясында көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

 Қайрат Дүйсенбетов.

Жылыой ауданы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған