Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Махамбет Досмұхамбетов аудандарға алғашқы іс-сапарын бастады

Atr.kz/14 қаңтар, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов аудандарға алғашқы жұмыс сапарын теміржол торабында орналасқан ауылдардан бастады.

Аймақ басшысы Мақат ауданына қарасты 12-і түтіні бар Таскескен елді мекені мен 258 тұрғын қоныстанған Ескене ауылына барып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады.  

Бастапқыда бұл елді мекендерде станция басшылары мен теміржолшылар қоныстанған. Кейін тұрғындардың қатары көбейіп, Бекет шағын ауылға айналған. Бүгінде ауыл халқы теміржолдағы қызметтің қызуы басылған соң,  нәпақа табар кәсіптің жоқтығын айтады. Сол себепті, облыс әкіміне өздерін қалаға көшіру туралы өтініштерін жеткізді. 

— Бұрын жұмыс бабымен көшіп келдік. Бастапқыда бәрі де жақсы болатын.Қазір қызметіміз тоқтады, көпшілігіміз ҚТЖ саласының ардагерлеріміз. Енді, қалаға көшіруіңізді сұраймыз, — деді, ауыл тұрғыны.

Халық өтінішін құп көрген аймақ басшысы ауылды көшірудің барлық заңдылықтары қайта қаралсын деп тапсырды.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button