Махамбет ауданындағы Алға ауылында балабақша салынады

whatsapp image 2020 12 25 at 17.09.39 Жаңалықтар


Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали Ахметов онлайн брифингте айтты.

«Қазіргі таңда Алға ауылында 160 орындық балабақша құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Бейбарыс ауылының «Балдырған» балабақшасын күрделі жөндеуге жасақталған құжаттама сараптамадан өтуде.

Сонымен бірге, Бейбарыс ауылының А.Байтұрсынов атындағы орта мектебіне 120 орындық жапсарма ғимарат салу жоспарланып отыр» деп атап өтті спикер Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Еске сала кетелік, Махамбет ауданында 3-6 жас аралығындағы балаларды​ мектепке дейінгі біліммен қамту 100%-ды құрайды.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз