Қазақстан бақытты елдер рейтингінде 40-орын алды

2203211251407623g Жаңалықтар

Қазақстан дүниежүзіндегі ең бақытты елдер рейтингінде ТМД елдерін басып озып, 40-орынға шықты.

Рейтингте 2019 жылдан 2021 жылға дейін жүргізілген ауқымды сауалнаманың орташа нәтижесі көрсетілген. Бақыт туралы сауалнамаға дүниежүзінің 9 миллионнан аса тұрғыны қатысты. Финляндия бесінші жыл қатарынан ең бақытты ел атанып отыр. Үздік ондықта Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия сынды елдер бар.

АҚШ 16-орында, Ұлыбритания — 17, БАӘ 24-орында.

Қазақстан ТМД елдерін басып озды. Былтыр үздік болған Өзбекстан 53-орында, 62-орында Молдова Республикасы, Қырғызстан 64-орында, Беларусь 65-орында, Ресей 80-орында, Армения 82-орында, Тәжікстан 83 және Әзербайжан 92-орында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз