Баннер 9 мая от газеты Атырау

Махамбет ауданында кезекте тұрған 6 тұрғынға үй табысталды

screenshot 12 1 Жаңалықтар

Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы жылы әлеуметтік осал топтағы 10 тұрғынға үй беру жоспарланса, бүгінде олардың алтауы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін қалған төрт тұрғынға баспана сатып алынып табысталады.

-Бүгінде аудан бойынша тұрғын үй кезегінде мыңнан астам тұрғын тіркелген. Оларға кезең-кезеңімен тұрғын үй табысталуда. Биыл кезекте тұрған 6 тұрғын өз баспаналарын алды. Олар Ақтоғай,  Сарайшық, Таңдай,  Махамбет ауданының тұрғындары. Сондай-ақ былтыр тұрғын үйді несиелеу бағдарламасына қатысушы 10 адамға тұрғын үй сертификаттарын беру үшін 10 млн теңге қарастырылып, табысталған болса, биыл облыстық бюджет есебінен 22 млн 500 мың теңге қаржы қарастырылған, алайда түскен өтініштер жоқ,- деді Қ.Нұрлыбаев.

Айта кетейік, Махамбет ауданында 23 көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың 4-і коммуналдық меншікте болса, қалған 19 үйдің пәтерлері жекешелендіріліп, 3-і апатты деп танылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз