Ресейлік жолаушылар Атыраудан Анталияға ұшып кетті

WhatsApp Image 2018 06 24 at 22.26.45 Жаңалықтар

Новосібірден Анталияға ұшып бара жатып, аяқ астынан Атырауға қонған Боинг-747 ұшағының жолаушылары Түркияға аттанып кетті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-06-24 at 22.26.45

Боинг-747 ұшағының жолаушыларын алып кету үшін Амстердамнан арнайы ұшақ келді. Барлық 190 жолаушы өздері күтпеген жерден тап болған Атырауды тастап, Түркияға жолға шықты.

Азаматтық авиация комитетінің мәлімдеуінше, ұшақ 24 маусым күні таңертең шұғыл түрде Атырауға қонуға мәжбүр болған. Туристермен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кездесіп, сабырға шақырған. Ол жолаушыларға қосымша ұшақты күту кезінде ешқандай мәселе туындамайтынын жеткізді.

Жергілікті атқарушы органдардың күшімен барлық 150 туриске психологиялық және медициналық көмек көрсетілді. Ұшақ жолаушыларына түскі ас беріліп, қала қонақ үйлерінің біріне жайғастырылды. Түстен кейін ресейлік қонақтарға Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайын тамашалау ұсынылды. Мұражай ресейліктерге әдемі әсер қалдырды.

Амстердамнан ұшақ келгені белгілі болған сәтте қонақтар әуежайға жеткізілді. Ресейліктерді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов пен облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова шығарып салды.

Жолаушылардың айтуынша, олар Атырау туралы тек қана жақсы әсермен аттанып барады. Олар қазақстандықтардың қонақжай көңілі мен ыстық ілтипаты үшін шын жүректен алғыс айтты. Экипаждың қалған мүшелерін алып кетуге жақында басқа әуе кемесі келеді.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз