МАҚСАТЫМЫЗ – ОЛИМПИАДА!

Бейсенбі күні «Атырау-Ақпарат» ЖШС жанындағы Атырау коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін өңірдегі спортты дамыту мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұржан Ермұханов журналистерге Елбасының халықтың денсаулығын жақсарту, елімізде спортты дамыту жөніндегі міндеттері мен «Қазақстан – 2050» ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыруда атқарылып жатқан шараларды жанжақты әңгімеледі.

Сондайақ, баспасөз мәслихатында отырып ойнайтын волейбол бойынша Қазақстан құрама командасының бас бапкері Бауыржан Тахауов паралимпиадалық ойындарға қатысуға жолдама беретін халықаралық турнирге дайындықтары жөнінде баяндады.

Байдарка мен каноэде ескек есуден облыстың аға жаттықтырушысы Николай Богачкин алпыс жылдық тарихы бар, спорттық жетістіктерге бай атыраулық ескекшілердің бүгінгі тынысын, халықаралық сайыстарға әзірліктерін әңгімеледі.

Баспасөз мәслихатында спорт саласының мамандары журналистерді толғандырып жүрген сұрақтарға да жауап берді.

Бақытжан ЖҰМАТ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз