
Жаңалықтар
Махамбет ауданында каналдарға күрделі жөндеу жүргізілді
«Бұл туралы Махамбет ауданы әкімі Жәрдемғали Ахметов брифингте мәлімдеді»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«Махамбет ауданында жалпы ұзындығы 483,6 шақырым болатын 9 суару-суландыру жүйелері орналасқан. Бұрын «Терең-Өзек», «Сары-Өзек», «Алга-Егіз» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 7 ауыл — Айсары каналына (72 шақырым), Құрсай каналына (39 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Есбол — Қозыбай каналының жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, сараптамадан өтті.
Сборный, Бақсай каналдарының жобалау құжаттамалары сараптамадан өтуде»,- деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, Махамбет ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 17 934,9 млн. теңгеге жетіп, жоспар 100,7% орындалған айта кетуіміз керек.