ШҰҒЫЛ! Коммуналдық қызметтерге өтемақы төлеу 25 маусымда аяқталады

whatsapp image 2020 06 17 at 13.57.02 Жаңалықтар

Аtr.kz/17 маусым, 2020 жыл. Құрметті Атырау қаласының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №212 «Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтердің төлемі бойынша халықтың төлемақысын өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес арнайы санаттардағы тұрғындар үшін 15000 теңге көлемінде коммуналдық қызметтерге өтемақы төлеу ағымдағы жылдың 25 маусым күні аяқталады. Осыған орай Сіздерден өз өтініштеріңізді 25 маусымға дейін қалдыруларыңызды сұраймыз.

Өтініштерді қалдыру арнайы жасақталған atyrau.komek109.kz сайты арқылы, тиісті дербес шоттарды көрсете отырып жүзеге асырылады.

«Атырау ӨКҚ»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз