Жарнама
БілімБЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтар

Махамбет ауданында 76 кезекші сынып жұмыс істейді (+ВИДЕО)

Atr.kz/12 тамыз, 2020 жыл. Пандемия жағдайына байланысты биылғы оқу жылында атыраулық мектептер мен колледждерде сабақ қашықтан оқыту форматында өтеді.

https://youtu.be/14R8d2_t1js

Бастауыш сынып оқушылары үшін «кезекші сыныптар» ашылмақ. Махамбет аудандық білім бөлімі де қашықтықтан оқытуға ​ дайындалуда, — деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Махамбет аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ардақ Жуасовтың айтуынша, ауданда бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «кезекші сыныптар» ашылады.

«Махамбет ауданындағы мектептерде 1-4 сыныптар арасында 76 кезекші сынып ашылады. ​ Сыныптардағы оқушы саны 10-15 баладан аспайды. Сабақтар бір кабинетте өткізіліп, үзіліс әр түрлі уақытта болады. Санитарлық нормаларды сақтау үшін мектептерде дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі», – деді Ардақ Жуасов.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында Махамбет ауданы бойынша 5632 оқушы мектепке барады.

Аудандағы 433 мұқтаж отбасының балалары интернетпен қамтамасыз етіліп, аз қамтылған 200 отбасыға ноутбук таратылмақ.

«Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға «Алтел 4G», сондай-ақ, 500-ден астам тұрғыны бар аудандағы 13 елді-мекенге «Кселл» операторының қызметін қосу жұмыстары жүруде.

***

Махамбет ауданында 120 орындық лагерь күрделі жөндеуден өтуде

«Сарытоғай ауылындағы Қ.Қалыбеков атындағы орта мектептің жанынан ашылған «Арай»  жазғы сауықтыру балалар лагері  күрделі жөндеуден өткізілуде» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Жөндеу жұмыстарымен «Гама-с» ЖШС айналысуда. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында тартылған жергілікті 18 азамат жұмыспен қамтылып отыр.
«Демалыс орнының жөндеу жұмыстары аяқталды. Ауласына тас төсемелер төселуде.

Ішкі құрал-жабдықтары сатып алынды. Бірінші кезекте демалыс орнына көпбалалы, жетім және жартылай жетім отбасылардың балалары қамтылады.

Лагерь бір ауданың емес, алдағы уақытта облыс оқушылары демалатын орын болады»- дейді Махамбет ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ардақ Жуасов.
Лагерь 120 орындық, екі корпусқа бөлінген.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button